Франция президенті қазақ-француз бизнес-форумының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.
Эмманюэль Макрон өз сөзінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсатын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
▪️ Оның айтуынша, Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір. Франция президенті серіктестікті көлік бағыттары, ең алдымен «Орта дәліз» арқылы дамыту маңызды деп санайды.
▪️ Эмманюэль Макрон Францияның аталған көлік магистралін өркендетуге үлесін қосуға дайын екенін тілге тиек етті.
▪️ Франция басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасын зор деп бағалады.
Ол сөз соңында өзара мүддені көздейтін көптеген саладағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.