Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Бізде де дұрыс әңгіме айтылады.Тек, айтылады...

AstanaTV
26.11.2016ж. 20:00
1879
Бізде де дұрыс әңгіме айтылады.Тек, айтылады...

Интернет порталдарда жиі мақала жазып, мәселелердің мәнісін түсіндіруге тырысатын экономистің бірі – Жарас Ахметов. Жақында ол 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның жағдайы және аз уақытта қалай мықты мемлекетке айналғаны туралы циклды материалдар ұсынды. Әрине, біздің форматтағы бағдарламаға сыймайды, әйтсе де тұжырымдап айтып беруді өтіндік. Ауырып тұрса да, интервью берді.

Жарас Ахметов, экономист:

Соғыстан кейін Германия 4 оккупациялық аймаққа бөлінген етін: кеңестік, америкалық, ағылшын және француздық. Екіншіден, инфляция өте жоғары болды. Себебі ақша бірлігі рейхс марка болып қалды, ал алдында нацистік Германия бюджетін толтырып, әскери тапсырыстарды орындау үшін ақшаны есепсіз басып шығарған-ды. Үшіншіден, жұмыссыздық белең алды. Бұл мемлекет қирап жатты деуге болады. Азаматтық та, өндірістік те нысандар жермен-жексен болған еді. Өнеркәсіп өндірісі 60 пайызға дейін құлдырады. Бір сөзбен айтқанда апатты жағдайда тұрды.

Людвиг Эрхард, америкалықтар мен ағылшындар оккупациялаған аймақтың қаржы –экономикалық басқармасының бастығы болған, тәуелсіз мемлекет құрылғанша реформалар жүргізуді бастап кеткен. Бірінші кезекте ол бағаны босатты. Екіншіден Эрхард рейхс маркані дойче маркаға алмастырды. 1 жаңа марка 6 көне маркаға ауыстырылды. Үшіншіден, кәсіпкерлікке тұсау салатын барлық кедергілерді жойды. Ақша-несие саясатын жұмсартты. Ақырындап салықтарды азайтты. Бұған қосымша басымдық берілген салаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Бірінші кезекте автомобиль шығару саласына. Және Маршалл жоспары бойынша АҚШ көмектесті - 10 жылда сол кездегі бағам бойынша 1,5 млрд доллар инвестициялар құйды. Айтпақшы, Корея түбегінде соғыс болғанда Америка әскери техника бойынша Германияға тапсырыс берді, сол да көмек болды.

Эрхард айтпақшы, саясат түсінікті болуы керек, оның дұрыстығына халықты иландыру керек, саясат біресе былай, біресе олай емес - бірізді болуы керек, саясат ашық және шынайы болуы керек, оны бақылаған халық, қаншалықты орындалып жатқанын көріп отыруы керек және сезуі керек. Өкінішке қарай бізде олай емес. Мысалы, 2020 жылға дейінгі даму жөніндегі жоспар жасалған. Ұлттық экономика министрлігінің сайтында сол жоспардың орындалуы жайлы есеп бар. Бірақ ол есептерді қоғамда ашық талқылау жоқ. Үкімет айтуы керек - бізде мынадай мақсат қойылған еді, мынаны орындадық деп. Ал мынаны орындамағанымыздың себебі – мынау деп, түсіндіруі тиіс. Осы жоқ, бізде. Қандай нақты мақсат қойылып, соған сәйкес қандай жоспар жасалғанын халық білмейді де...

2009 жылғы дағдарыстан кейінгі реформалардың тиімділігі әлсіз. Статистиканы қарасақ, 2010-11 жылдары өсім болды, одан соң осы кезде дейін тежеліп тұрмыз. Менің ойымша, реформалар жүргізбестен бұрын жасалған ғылыми сараптамалар мен тұжырымдар тым солғын, тіпті бір-біріне қарама-қайшы теориялар қолданылған. Өңдеу саласын жаңалауға ставка жасалды. Шын мәнінде қолданыстағы өнеркәсіпті модернизациялауға ставка жасау керек еді. Біздегі өндіріс қуаттары тозып кеткен. Сонымен бірге еңбек нарығын дамытуға да қатты мән беру керек еді. Ал бұл нарық бізде әлі құрылмады... Экономикалық құрылымды шамалап өзгерту керек еді. Бар құрылымнан пайда аз болып тұр. Иә, бізде де мәлімделеді – бірақ соны істеу керек! Кәсіпкерлік жолындағы кедергілерді жою, несиеге қолжетімділік, нарықтық информациялардың тапшылығын болдырмау тағысын тағы. Сонда тіршілік түзеледі.  

Иә, керек сөздер бізде де айтылады, бірақ тек айтылады. Экономист «таңдаулы топтар басымдыққа ие болатын жағдай жасалатынын, салықтарды өзгерту туралы шешімдер қоғам пікірінсіз қабылданатынын күнде көріп отырмыз»,- дейді. Алайда мұнай бағасы, дәлірегі - арзан мұнай біздің тіршілігімізді күрделі драмаға айналдыратыны жаман. Басқасына «мән бермеуге» болушы еді...