Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді.
Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.