$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Сұлтан Әсетұлы ең үздік балуан атанды

AstanaTV
02.11.2023ж. 20:00
1218
Сұлтан Әсетұлы ең үздік балуан атанды

UWW Біріккен күрес әлемі, Халықаралық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы қазан айының қорытындысы бойынша үздік спортшылардың есімін атады.

Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен жарыста алтын медаль жеңіп алған қазақстандық Сұлтан Әсетұлы ерлер арасында үздік балуан деп танылды. Ол 67 келіде ел намысын қорғады. Әсетұлы Қазақстан тарихында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі алғашқы әлем чемпионы атанды.

Әйелдерде американдық Эми Тейлор айдың үздік спортшысы деп танылды: ол сондай-ақ өткен әлемдік біріншілікте алтын жеңіп алып, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрестен үздік атанды.

СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ ЕҢ ҮЗДІК БАЛУАН АТАНДЫ

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады. Айтмұхан 62200 ұпай жинады. Екінші орында грузин балуаны Мириани Майсурадзе, ал топ-3-ке Әзірбайжандық Осман Нурмагомедов кірді

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық қыркүйек айында Әлем чемпионаттарында еркін күрестен ел тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды.

АЙТМҰХАНОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан құрамасы БАӘ-де Рас-Эль-Хаймада өтіп жатқан шағын футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалында Мексиканы жеңді. Есеп 2:1. Қосымша уақытта Қазақстан құрамасының ойыншылары Александр Кислицын мен қақпашы Александр Рушинас көзге түсті.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде қазақстандықтар Гананы - 7:0, Үндістанды - 16:0 және БАӘ - 2:1 есебімен жеңді.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Константин Малиновский оқ атудан 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада лицензиясын иеленді. Чангвондағы Азия чемпионатында пневматикалық мылтықпен ату (50 метр, үш позиция) 590 ұпаймен ол финалға өтіп, оған квота берген бесінші орынды иеленді.

Атқыштар спорт түрлері бойынша Қазақстан құрамасы үшін бұл - үшінші олимпиадалық лицензия. Біріншісін әлем чемпионатында Ислам Сәтбаев, екіншісін Азия чемпионатында Арина Алтухова алды.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖОЛДАМАСЫН АЛДЫ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Тунисте ITF турнирінің жекелей сында 1/8 финалына шықты. 1/16 кезеңде Құламбаева үш сетте поляк Вероника Фальковсканы жеңді, Қорынтынды есеп: 3:6, 7:5, 6:3. Қазақстандықтың келесі қарсыласы швейцариялық Сьюзан Бандекки болады. Бір күн бұрын Жібек Құламбаева жұпты разрядта сәтті ойын көрсетті: қытайлық Гао Синьюмен дуэтте олар –АҚШ-Бразилияның өкілдері Теа Тирунелвели мен Луана Плаза Араужоны жеңді. Есеп — 6:3, 6:1.

ЖІБЕК ҚҰЛАМБАЕВА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

Мюнхендік «Бавария» Германия кубогынан сенсациялық түрде ұшып, үшінші лигада өнер көрсететін «Саарбрюккен» клубынан жеңіліп қалды. 1/16 финалда командалардың кездесуі Саарбрюккенде өтіп, 2-1 есебімен аяқталды. Бавария 2020 жылдан бері Германия кубогын алмады.

Сондай-ақ, Бавария 23 жыл ішінде бірінші рет үшінші дивизионнан және одан төмен қарсыласынан жеңіліп, турнирден шықты. Бұл соңғы рет 2000 жылдың қарашасында сол кезде төртінші дивизионда ойнаған «Магдебургке» қарсы матчта болған.

«БАВАРИЯ» ГЕРМАНИЯ КУБОГОНДА ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.