$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Биыл Астанада жеке секторларда 203 өрт оқиғасы тіркелген

02.11.2023ж. 20:00
725
Биыл Астанада жеке секторларда 203 өрт оқиғасы тіркелген

Астана қаласында қаһарлы қысты пешке от жағып өткізетін 30 мыңнан аса үй бар. Жылу маусымы басталғалы бері осы жеке секторларда 203 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 8 адам түрлі жарақат алды.

Жылыту маусымы басталғанда жеке секторлардағы өрт қауіпсіздігі төтеншеліктердің басты нысанына айналады. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтанудың жолдарын ұғындырады.

Ажар РҮСТЕМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде «Қауіпсіз жанұя» деген акция өткізілуде. Оның негізгі мақсаты бұл тұрғын секторда өрттің алдын алу. Бүгінгі күнге біз 11 мыңнан астам үйді аралап шықтық. Акцияның үш күнінде біз 10 мыңдай тұрғын үйді аралауға мақсат қойдық.

Жеке секторлардағы мыңнан аса отбасы әлеуметтік осал топтар, мүгедек жандар және көп балалы отбасылар санатына жатқызылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары қалалық әкімдікке мұндай жанұяларға тегін дабыл жүйесімен қамтамасыз ету туралы ұсыныс берген. Нәтижесінде бүгін көп балалы Альбина Жұмағұлованың үйіне мамандар қондырғыны тегін орнатып берді.

Альбина ЖҰМАҒҰЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Осы датчик орнатқаны жақсы болды. Негізі бұрында уайымдайтынмын. Түңгілік ұйқымыз сирек. Қорқыныш бәрібір де бар пеш жаққаннан кейін. Угар бола ма, түтін бола ма... Кейде жатарда көмір саламыз. Сол тартпай қала ма деп уайымдайсың...

Қалалық әкімдік биылғы жылы 500 дабыл жүйесін алып беруге уәде еткен. Бүгінгі күнге дейін оның жартысы санат тізіміндегілердің баспанасына орнатылған.

Нұрту ҚЫМБАТГҮЛ, ҚАЛАЛЫҚ «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жалпы біз осы әлеуметтік көмек көрсету тізімді біз Төтенше жағдайлар министрлігіне береміз. Сол кісілер сол үйді, сол тізім бойынша сол отбасыға барады. Сол отбасы бойынша үйдің ішін тексеріп, қарастырып, осындай арнайы құрылғыларды қоятын болады.

Дабыл жүйесінің әсіресе түнгі уақыттарда көмегі көп. Иіс шығып бастағанда дабыл іске қосылып, ұйқыдағы адамдарды оятады. Осылайша олардың тілсіз жаудан құтылуына көмектеседі.