$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда жарылыстан зардап шеккендер жауапкершілікке тартылуда

02.11.2023ж. 20:00
1174
Жамбылда жарылыстан зардап шеккендер жауапкершілікке тартылуда

Жамбылда цемент зауытындағы жарылыстан 2 адам қайтыс болды. Тағы үшеуі ауруханаға түскен. Талас ауданындағы өндірістегі оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болыпты. Алайда ол апатты кәсіпорын басшылығы жасырып отыр дейді зардап шеккендер. Бұған зауыттағылар не дейді? Тараптарды тілшіміз тыңдады.

Талас ауданындағы цемент зауытындағы жарылыс 21-ші қыркүйекте орын алыпты. Пештен ақау шыққан. Түңгі ауысымға келген жұмысшының 5-і ауруханаға жеткізілген. Оның екеуінің денесін 100 пайыз күйік шалып, ертесіне қайтыс болыпты. Зардап шеккендер қауіпсіздік шарасы мүлдем сақталмайтынын айтады. Бұл бірінші оқиға емес көрінеді.

Елдос ЖОЛДЫБАЕВ, ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Түнгі ауысымға барғанбыз. Пештің ахуалына байланысты әдеттегідей басталмады. Мастерден сұрағанымда айтты, пеш өткендегідей бұзылып тұр деді. Бұл пештің бірінші жарылуы емес, бірнеше рет жарылды. Қауіпсіздік шаралары қаралмаған. Ешқандай форма берілмейді, ауруханаға бармаңдар, тіркелмеңдер, емді үйде қабылдаңдар. Жазылғанша демала тұрыңдар деді. Бәрі көз алдымда болды. Мені шығара алмады өйткені мен өте ауыр халде болдым.

Ал өндіріс басшысы бұл біздегі бірінші жағдай деп отыр. Бейнебақылауға түскен таспаны сұрағанымызда мүлде істемейді деп жауап берді.

Ербол ШАЛАБАЕВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

Ондай болған емес. Апат деп атамаймыз кішігірім бұзылыстар болады. Өнідіріс болған соң. Одан бірақ адам зардап шеккен емес. Бейнекамера істемейді деді ол кезде. Вообще істемейді бізде. Негізі бізде әлі күнге дейін істемейді.

Алайда апаттан зардап шеккендер түсіріп алған видеосын бізге жолдады. Айға жуық тексерістен кейін еңбек инспекциясының неге жұмысшыларды кінәлі қылып шешім шығарғанын сұрадық. Сөйтсек күйік шалған үш адамның бірі өзіне тиесілі орында болмаған дейді. Ал екеуінің ауруханаға тіркелмегені себеп екен.

Еркін ИБРАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қалған екі адамдар заңда былай жазылған. Больничный лист ашылмаса онда оған тексеру жүргілмейді.

Қазір аталаған дерек бойынша Талас аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК 156 бабы, 4-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Зардап шеккендер үнімізді Үкіметтегілер естісе дейді.