Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.
Түркия президенті, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.