Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстандық теннисші өмір бойына жарыстардан шеттетілді

AstanaTV
03.11.2023ж. 10:32
547
Қазақстандық теннисші өмір бойына жарыстардан шеттетілді

Халықаралық әділ теннис агенттігі (ITIA) келісілген ойын өткізгені үшін үш теннисшіні жазалады. Олардың қатарында қазақстандық Тимур Хабибулин де бар, деп жазды  massaget.kz.

ITIA шешімімен Тимур өмір бойына жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ 60 мың доллар айыппұл төлейді. Ол 2014 және 2019 жылдар аралығында өткізген 21 ойынына қатысты айыпталған. 

Тимурдан өзге өзбекстандық Санжар Файзиев 3 жылға жарыстардан шеттетіліп, 15 мың доллар айып төлейтін болды. Израиль елінің атынан шығатын Игорь Смиланский 2 жылға шеттетіліп, 4 мың доллар айыппұл арқалады. 

Теннисшілердің жаза мерзімі 2023 жылдың 25 шілдесінен басталған.