Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде демалыс күндері 15 градусқа дейін аяз күтілуде

AstanaTV
03.11.2023ж. 15:56
526
Елімізде демалыс күндері 15 градусқа дейін аяз күтілуде

Синоптиктер 4-6 қарашаға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Олардың болжамынша, алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қаргидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы атлантикалық циклон өтеді. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Ал 4 қарашада күндізгі уақыттан бастап жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі. Мәселен, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3...-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз -3...+8 градус шамасында болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -2...+5 градус, таулы аймақтарда түнде -5...-10 градус, күндіз -5...+15 градус аралығында болады. Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша түнде және таңертең уақыттарда тұман күтіледі.