$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 52 жастағы әйелді автобус қағып кетті

03.11.2023ж. 20:00
1004
Астанада  52 жастағы әйелді автобус қағып кетті

Астанада 52 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Оқиға Абылай хан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік бағдаршам қызыл жанып тұрса да тоқтамаған. Салдарынан жаяу жүргіншілер жолында жайбарақат кетіп бара жатқан жолаушыны таптап өткен. Жәбірленуші иық буынының көгеруі және жабық бас миының жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Автобус парк басшылығы жүргізушінің 6 жылдық тәжірибесі бар екенін, жұмысқа бір ай бұрын қабылданғанын айтады.

Рашид РАХМАТУЛИН, "CTS" ЖШС КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта жүргізуші бірден жұмыстан шеттетілді. Көлік мамандарының біліктілік орталығындағы құқық бұзушылар курсына жіберілді. Содан кейін ғана оның қайта жұмысқа қосылу мәселесі қаралады. Ол таңғы сағат 5:30-да механик пен дәрігердің тексеруінен өтіп, қоғамдық көлік жүргізуге рұқсат алған болатын.

Оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері де әйелдің бағдаршамның жасыл түсінен өткенін растап отыр. Ал, автобус жүргізушісіне қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.