$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Президенттің Еуропа мен АҚШ-қа сапарының астарлары

AstanaTV
02.04.2016ж. 20:00
1246
Президенттің Еуропа мен АҚШ-қа сапарының астарлары

Мемлекет басшысының Батыс әлеміне жасаған сапарынан аз-кем. Апта басында Брюссельге барды, алдымен 22-наурызда болған терактілер құрбандарының рухына арнап «Маальбек» метросының жанына гүл дестесін қойды.

Одан соң Еуро Одақтың шенеуніктерімен - Еуропа Одағының төрағасы Дональд Туск және Еуропалық комиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкермен кездесті. Еурокомиссия жетекшісі Қазақстандағы адам құқықтары туралы айтты. Президент «менің досым Юнкер мырзаның достық рәуіштегі кеңестерін жақсы қабылдаймыз»,-деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Менің досым – Юнкер мырзаның саяси ахуалға, тағы басқа мәселелерге байланысты достық рәуіштегі кеңестерін біз жақсы қабылдаймыз...Біз Украина туралы айттық. Бізге де әсер ететін Ресейге салынған санкциялар туралы айттық.....Евразияның кіндігінде мұхиттардан алыс орналасқан біздің ел Қытаймен, Ресеймен жақын достық қатынастар құрады. Олар біздің экономикалық негізгі серіктестер.

Президент  Еуро Одақ шенеуніктерінен біздің авиацияның кәрі құрылыққа ұшуына рұқсат беруін сұраған. ЭКСПО көрмесіне шақырған, индустрияландыру саясатын қолдауды айтқан. Әрине, инвестициялар құюды қалай айтпайды... Негізі, біздің тауар айналымның да, бізге құйылған инвестициялардың да 50 пайызы Еуро Одақтың үлесінде.

Брюссельден кейін Н.Назарбаев Вашингтонға барды – ядролық қауіпсіздік САММИТ-не қатысу үшін. Онда Президент  Семей ядролық полигоны болған аумақта тұратын адамдардың денсаулығын түзеп, жерді тазарту үшін халықаралық көмекті кеңейтуді қозғады. Бұл трагедиямен ел жалғыз өзі бетпе-бет қалды. -Ядролық қауіпсіздікке қатысты  САММИТ-тер жалғасуы керек және келесі жиынды Қазақстанның өткізуіне моральдық қақы бар,- деді.

Жалпы, үш айдан аз уақыттан соң БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-18 жылдардағы тұрақты емес мүшелері анықталады. Біздің еліміз соған мүше болғысы келетіні мәлім. Мақсатқа жету үшін 2013 жылдан бері үгіт жүргізіліп жатыр. Сарапшылар «Н.Назарбаевтың осы аптадағы ЕО мен АҚШ-қа сапарының бір қыры осы»,- дейді.  Нақ осы мәселе бойынша мемлекетіміздің қақы бар екені, лайық екені рас. Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша болса да мүшелік бізге не береді? 4 түрлі қауіпсіздік : азық-түлік, су, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік бойынша ұсыныстар әзірлегенбіз. Тек су мәселесін алайық. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болсақ, трансшекаралық өзендерді пайдалануға байланысты қордаланған проблемаларды тарқатуға талпыныс өзімізде де өткір осы мәселенің көбесін сөгуге ықпалдасуы мүмкін.

Бұл САММИТ-ң «қызығы»  Ресей қатысқан жоқ. Әлемдегі ядролық қару-жарақтың 90 пайызы АҚШ пен Ресейде.АҚШ Президенті Барак Обама Ресейдің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзып отырғанын The Washington Post басылымындағы бағанасында жазды. Мәскеуді ядролық арсеналды қысқарту жөніндегі келіссөздерге шақырды. «Бұл мәселе бойынша белгілі-бір прогресс бар, бірақ бітпеген шаруа бар екенін мен бірінші мойындауым»,-керек деген. 

Обаманың сөзі: «Мен ядролық қару-жарақтың санын да, оның ұлттық қауіпсіздік стратегиясындағы ролін де азайттым»... Ресей президентінің Вашингтондағы Саммит-ке қатыспағанын Кремль «Жиын қозғайтын тақырыптар мен мәселелер алдын-ала тәптіштелетін кездегі өзара іс-қимылдың тапшылығынынан » -деп түсіндірді. Дипломатия тілімен өрнектелсе де, түсінікті.

Ал ақпан айында,- деп хабарлайды, РБК арнасы, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеудің Вашингтонмен ядролық қару-жарақты қысқарту туралы келіссөздерді жалғастыруы мүмкін еместігін айтқан. «Бұл салада ресей-америка келіссөздері мүмкін емес шекке жеттік»,-деген ол. Солтүстік Атлантика Одағымен кеңес империясы құлағаннан кейін қайта өршіген талас, шекара бойы ракета қою, одан кейін Украина, санкциялар. Әрине, мүмкін емес...