Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда 13 жыл бойы жасырынып жүрген 67 жастағы әйел ұсталды

AstanaTV
03.11.2023ж. 19:33
824
Павлодарда 13 жыл бойы жасырынып жүрген 67 жастағы әйел ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады, ол алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған. 2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді рәсімдеу қызметін ұсынып, бір әйелді алдап, 36 миллион теңгесін алып кеткен. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті өкілі.

Биыл павлодарлық жедел уәкілдер 126 қылмыскерді іздестірген.