Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында гранаталар қоймасы табылды

AstanaTV
04.11.2023ж. 09:30
795
Алматы облысында гранаталар қоймасы табылды

Алматы мен Жаркент тас жолында полицейлер гранаталардың қоймасын тапты. Алматы облысының полиция департаментінің саперлары жасырын қоймадан жаяу әскерге қарсы бөлшектеу гранатасы Ф-1 және РГД-5-ті алып шықты.

Алғашында қару-жарақ қоймасы туралы ақпаратты Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің жедел қызметкерлері алған. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұл ақпаратты Алматы облысының полициясына жеткізді.

"Жаркент-Алматы тас жолының бойында жол белгісінің астынан оқ-дәрілер қоймасы табылды. Ашық жерде, тікелей жол белгісінің астынан гранаталар қоймасы табылды", - деп хабарлады Қылмыстық іздестіру департаменті.