Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды

AstanaTV
04.11.2023ж. 11:19
584
Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.

 Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

«ПД-ның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.