×

Цукерберг ауруханаға түсті

AstanaTV
04.11.2023ж. 13:37
Цукерберг ауруханаға түсті

Миллиардер Марк Цукерберг шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оның айқыш байламы үзіліп, ота жасалды.

Цукербергтің айтуынша, ол келесі жылдың басында өтуге тиіс, бірақ енді кейінге шегерілетін ММА жекпе-жегіне дайындалған.

"Спарринг кезінде айқыш байламы жыртылды. Оны ауыстыру операциясынан шықтым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін миллиардер планетаның ең бай адамы Илон Маскпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Кейін Цукерберг Маскпен жекпе-жектен Твиттер басшысының "жеңілдігіне" байланысты бас тартты.