$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда өрт сөндіру көліктеріне жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынды

AstanaTV
04.11.2023ж. 16:09
921
Алматыда өрт сөндіру көліктеріне жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынды

Алматыда өрт сөндіру көліктеріне оқиға орнына тез жетуіне мүмкіндік бермей, жол ережесін бұзатын автокөліктердің саны көбейген.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру техникасының кедергісіз жүруі мен шақыру орнына жылдам жетуін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ТЖД мен қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесіп биыл 14 рейд ұйымдастырған.

"Өрт сөндіру техникалары қаланың көшелерімен жүрген кезде басқа да жол қозғалысына қатысушылар дұрыс әрекеттер көрсетті. Алайда, өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуіне кедергі келтірген 4 факті тіркелді және 4 әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 595-бабының 3-бөлігі - Жол жүрісі қағидаларының жол жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау). Әкімшілік айыппұлдың жалпыпы сомасы - 101 мың 775 теңге (29 АЕК) құрады", - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

ТЖД-да сондай-ақ қала көшелері мен тұрғын үй аулаларында жеке автокөліктердің қаптап тұруы да маңызды мәселе екеніне назар аударды.