Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ШҚО-дағы шаруа қожалығында 240 тонна пішен жанып кете жаздады

AstanaTV
05.11.2023ж. 10:02
572
ШҚО-дағы шаруа қожалығында 240 тонна пішен жанып кете жаздады

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында орналасқан шаруа қожалығында 240 тонна пішен жанып кете жаздады, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Малеевск ауылындағы шаруа қожалығының аумағында пішен өртенген.

Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Сол кезде 28 тонна пішенді от шарпып жатқан.

«Тілсіз жаумен күреске орманшылар, жақын маңдағы шаруа қожалықтарының жұмысшылары мен ауыл халқы тартылды. Олардың қажырлы және үйлесімді жұмысының арқасында өрт ауыздықталды. Нәтижесінде, 240 тонна пішенді сақтап қалды», - делінген ақпаратта.

Қызыл жалынның шығуына қасақана өрт қою немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.