5 қарашада Қарағанды облысындағы Шығыс Жезқазған кенішінің шахталарының бірінде қайғылы жағдай болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақмыс" компаниясы баспасөз қызметінің 6 қарашадағы мәліметінше, қайғылы жайт №57 шахтада болған. 1984 жылы туған тау-кен шебері жұмысты орындау кезінде ауыр жарақат алып қайтыс болған.
Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.