$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында ер адам 7 жастағы баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

AstanaTV
06.11.2023ж. 11:23
755
Алматы облысында ер адам 7 жастағы баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында 60 жастағы ер адам 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы ақпарат бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланып жатыр.

Алматы облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады. Айтуынша, құқық қорғау органдарына кішкентай баланың анасы шағым түсірген.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабының («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 4-бөлігі бойынша Қарасай аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексеру тағайындалды.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу») шеңберінде жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.