Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды

AstanaTV
06.11.2023ж. 11:26
548
Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды

Танымал миллиардер Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды. Ол келер жылы Илон Маскпен жекпе-жек өткізбек болған,-деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлемге танымал екі алпауыт миллиардерлер арасындағы шайқас 2024 жылы болатын UFC 300 турнирінде өтеді деп күтілген. Алайда Марктың жарақатынан кейін турнир немесе жекпе-жек уақыты кейінге шегерілуі мүмкін.

Мен тіземді жарақаттап алдым, жаңа ғана отадан шықтым. Маған қарайласып жатқан командадағы дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Келер жылдың басында өтетін жекпе-жегіме дайындалып жатқанмын, енді сәл кейінге қалдыруға тура келіп тұр. Айыққаннан кейін жекпе-жекке шығуды асыға күтетін боламын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет!, - деп жазды Цукерберг instagram парақшасында.