Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazinform.
«Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған Қ.Боранбаев осы жылдың 6 қарашасында бас бостандығынан айыру орнынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына өз бетінше барады», - деп хабарлады ҚАЖК.
Ведомстводан атап өткендей, мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді. Сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.