Футболдан Испания чемпионаты аясындағы кезекті ойын күні аяқталды. "Жирона" футбол клубы әзірге бірінші орында тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2023/2024 жылғы Ла Лига біріншілігінің 12-тур қорытындысы бойынша каталониялық "Жирона" футбол клубы 31 ұпаймен әзірге бірінші орында.
Испаниялық бапкер Мичел бастаған клуб 12 ойында қарсылас қақпасына 29 гол соғып, өз қақпаларына 15 гол жіберіп алған. Бұл испан чемпионатының қазіргі ең үздік көрсеткіші. 4 қараша күні "Жирона" сырт алаңда "Осасуна" командасын 2:4 есебімен жеңді.
Ал кешегі ойыннан кейін екінші орынға түсіп қалған мадридтік "Реал" өз алаңында "Райо Вальеканомен" тең ойнап, ұпай жоғалтты (0:0).
Каталонияның негізгі командасы "Барселона" сырт алаңда "Реал Сосеьедадты" 0:1 есебімен жеңсе де, үшінші орыннан ары аса алмады. 93 жылдық тарихы бар "Жирона" Испания чемпионатында алғаш рет көш бастап тұр "Жирона" футбол клубы тарихында алғаш рет испан біріншілігінің көш басында. Бұл команда Ла Лигаға 2017/2018 жылғы маусымда ғана ауысқан еді. Оған дейін кіші чемпионаттарда ойнаған.
Ал өткен маусымда жарысты 10-орында аяқтап, еурокубоктерге жолдама алуға шақ қалған еді.