$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Толғақ туралы сұраған Ерке Есмаханды оқырмандары күлкіге қарқ қылды

AstanaTV
06.11.2023ж. 17:00
810
Толғақ туралы сұраған Ерке Есмаханды оқырмандары күлкіге қарқ қылды

Қазақ демография саласына үлкен қосып жатқан әншілердің бірі – Ерке Есмахан. Жаңа жыл қарсаңында дүниеге сәби әкелетін әнші соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші жүктілік уақытының көбі кетіп, азы қалғанын айтты.

“Ең әдемі кезеңімнің тоғызыншы айы басталды. Әкесі екеуіміз асыға күтіп жүрміз. Айтатын ақылдарыңызды айтып қалыңыздар. Сұрақ-жауап бөлімінде уақыт өткізейік!”, – деп жазды жеке парақшасына.

Жұлдызды жұп болашақ сәбидің есімін салт-дәстүр бойынша ата-әжесінің еншісіне қалдырған.

“Мені елеп жатқан ешкім жоқ. Ата-әжесінің тұңғыш немересі. Әкесі күтіп отыр. Сондықтан ат қоймайтыным анық. Құрсақта жатқанда-ақ әкесіне жақын екенін сездім. Сөйлесе қозғалып, жауап қайтарады. Ән айтып, азан шақырса тынышталып тыңдайды. Әкесі жоқ кезде мен сөйлесем, үнсіз қалады,” – деді әзіл-шыны аралас.