Алматы облысында 50-ге жуық отбасы “Алатау Жастары” бағдарламасы арқылы баспаналы болды. Осыған орай өңірде алғаш рет ауқымды “Отбасы Фест” мерекелік іс-шарасы өтті. Концерттік бағдарлама “Отбасы банк” және де өзге мердігерлердің қолдауымен ұйымдастырылды.
“Алатау Жастары” былтыр іске қосылған жас мамандарға арналған бағдарлама. Биыл бұл жобаның алғашқы салымшылары баспаналы болды. Шара барысында жастарға салтанатты түрде кілт табысталды.
Мақпал ДҮЙСЕБАЕВА, ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен үш жыл бойы ақша жинадым, счетқа, депозитке. Сол жинаған ақшаға қосып және мемлекеттің бағдарлама бойынша берген ақшасы бар, сонымен үйлі болдық. Аллаға шүкір. Біздің бірінші баспанамыз. Ең бірінші біздің мемлекетімізге, екіншіден осы Отбасы банкінің қызметкерлеріне осындай мүмкіндік беріп жатқанына үлкен алғысымды білдіремін.
“Алатау Жастыры” барлық өңілер бойынша жастарға баспана алуға жәрдемдесетін жаңа жоба. Биыл Алматы облысында бағдарлама бойынша 50-ге жуық отбасыға үй берілді.
Әлфия ХАСАНОВА, “ОТБАСЫ БАНК” АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бүгінгі біздің іс-шара, өзіңіз білетіндей 31-қазан күні халықаралық жинақтау күні, соған орай. Жергілікті органдармен, әкімшілікпен келісімге отырған, жергілікті бағдарлама. Облыс бойынша жас мамандарға льготтық пайызбен несие беру жөнінде. Бастапқы жарна бұл жерде 10%.
Іс-шараның екінші бөлігі мерекелік концертке ұласты. Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін еліміздің танымал жұлдыздары өнер көрсетті. “Отбасы Фесттің мақсаты — жастарды жігерлендіріп, отбасылық құндылықты дәріптеу”-деп бөлісті ұйымдастырушылар.
Данияр ӘЛИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ АРХИВТЕР-ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Осы бір игі іс-шараның мәні де, мағынасы да өте зор. Ең бастысы шынымен, Отан отбасыдан басталады дейді ғой, отбасыдағы береке, отбасыдағы құндылық, отбасының бір шайқалмайтын шаңырақтың пайда болуы, ауызбірлік, өзінің жеріне деген, бір-біріне деген құрметтің негізінде туындайды.
“Алатау Жастары” бағдарламасы келесі жылы да жалғасын тауып, жастардың баспаналы болуына септеспек.