Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"AMANAT" партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері еліміздің әр өңірінде экологиялық акция өткізуде

06.11.2023ж. 20:00
770
"AMANAT" партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері еліміздің әр өңірінде экологиялық акция өткізуде

"Вандализмге жол жоқ!". Дәл осындай ұранмен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері еліміздің әр өңірінде экологиялық акция өткізуде. Шараға жастар белсенді қатысуда.

Алматылықтар "Жастар рухы" Жастар қанатының мүшелерімен бірге Аюсай шатқалында тазалық жұмысын жүргізді. Онда жастар демалушыларға елдің тарихи – мәдени мұрасын қадірлеу және айналада тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын жеткізді. Белсенділер халықпен тілдесіп қана қоймай, қоқыс жинауға атсалысты. Ұйымдастырушылар – экологиялық тәрбие беру, табиғатқа деген жанашырлықты насихаттау міндеттіміз дейді.

Аңсаған ЖҰБАТАЙ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанның көрнекті саяси орындарын, тарихи орындарын вандализмнен сақтауға, соларды қорғауға негізделген негізгі мақсат болып табылады. Аюсай тарихи мекеніне келіп осы акцияны жалғастырмақпыз. Вандализмнің белгілерін өшіру, сонымен қатар еліміздің тарихи орындарын таза сақтау міндетіміз болып табылады.

Бұл акцияда Шымкенттіктер де құр қарап қалмады. Олар «Жастар Рухы» Жастар қанаты және «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірге вандализмге қарсы тазалық жұмыстарын жүргізді. Екі жүзден астам жас бұл жолы Абай саябағындағы Даңқ мемориалын тазалады. Мұнда Оңтүстіктен соғысқа аттанған 140 мыңдай жауынгердің есімі тасқа қашалған. Тақтайшалардың шаңын сүртіп, «Мәңгілік алау» айналасын қоқысын жинады.

Лаура БОРАШ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл акцияның мақсаты – қаламыздағы, өзіміздің Қазақстандағы мәдени, тарихи ескерткіштерімізді және табиғатымызды аялау болып табылады. Және де осы тарихи орындарымызды аялауды барша республика халқына үндеу. Оны жариялау, және де осы бойынша бір тәрбие қалыптасыру болып табылады жастар арасында.

Акцияда белсенділер еліміз бойынша ескерткіштерді, онымен іргелес аумақты тазартып, ретке келтірмек. Жастар осы іспен қатар туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерделеуге мүмкіндік алады. Акция барлық өңірде жалғасады.