Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанда ірі экспорттаушылардың қызметін қадағалау күшейтілмек

06.11.2023ж. 20:00
583
Қазақстанда ірі экспорттаушылардың қызметін қадағалау күшейтілмек

Қазақстанда ірі экспорттаушылардың қызметін қадағалау күшейтілмек. Мәжілісте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулер енгізуге қатысты заң жобасы таныстырылды. Заң қабылданса, бюджетке қосымша салық түспек. Себебі, осыған дейін мұнай, металл және басқа да тауарларды шығаратын компаниялар мемлекетке беру керек жарналарды аз төлеу үшін түрлі схемаларды қолданып келген. Енді олар заң бойынша тексеріледі. Айта кетейік, 15 жылдай бұл заңнамаға концептуалды өзгерістер енгізілмеген.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Оларды тексеру кезінде анықталған деректерді ескере отырып, тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Бұл заң жобасының нормалары қарапайым адамдарға, шағын және орта бизнеске ешқандай әсер етпейді. Өзгерістер экспортқа бағдарланған алпауыт мекемелерге арналған. Солардың экспортқа шығарған тауарлары бойынша нақты салықты өндіріп алуға бағытталған.