Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Бірге" акциясы халықтар арасындағы достықты нығайтады", - сарапшы

06.11.2023ж. 20:00
725
"Бірге" акциясы халықтар арасындағы достықты нығайтады", - сарапшы

Біз әртүрлі болғанмен, отанымыз ортақ! Осындай ұранмен қоғамның бірлігін сақтауды насихаттайтын "Бірге" ақпараттық науқаны басталды. Акция аясында бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері бейнеленген анимациялық видео роликтер ұшақтар мен пойыздарда, қоғамдық көліктерде көрсетіліп, халыққа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл халықтар арасындағы достықты нығайтады дейді ұйымдастырушылар.

Думан СМАҚОВ, "MEDIANET" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы болып жатқан геосаяси ахуалдар бар. Соның алдын-алу үшін, халықтар достастығының алдын алу үшін, сонымен қатар, этносаралық өшпенділікті болдырмас үшін жасалып жатқан акция. "Бірге" акциясы Қазақстанның барлық аумағында болады деп жоспарлап жатырмыз.