Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкентте 1 мыңнан аса адам көлікті заңсыз жүргізген

AstanaTV
06.11.2023ж. 22:32
684
Шымкентте 1 мыңнан аса адам көлікті заңсыз жүргізген

Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1мың 268 адамды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.

2022-2023 жылдары олар 1 мың 300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған. Көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген. Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты прокуратураның актісі бойынша бүгінде сот шешімімен 37 тұлға көлік басқару құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Қазір қалғандарына қатысты да тиісті шаралар қолданылып жатыр.