Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бадықова "Қазақша бизнес" фильмінің Бразилиядағы түсіріліміне неге бармағанын түсіндірді

AstanaTV
07.11.2023ж. 11:45
1794
Бадықова "Қазақша бизнес" фильмінің Бразилиядағы түсіріліміне неге бармағанын түсіндірді

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова өзіне асқан танымалдылық әкелген "Қазақша бизнес" фильмінің Бразилиядағы түсіріліміне не себепті бармағанын түсіндірді.

Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмі жалғасын тауып, бүгінде Бразилияда түсіріліп жатыр. Алайда, аталмыш кинода маңызды рөлдердің бірін сомдайтын Дариға Бадықова бұл жолы түсірілім тобымен шетелге бармаған. Актриса оның себебін "Динамен дұрыс" бағдарламасында айтты.

"Бразилияда жоқпыз. Себебі, бұл мемлекет өте қымбат. Одан ешқандай бүлік іздеудің қажеті жоқ. Кино желісі бойынша Бразилия екі адамға жазылды-ау деймін. Бразилияда болмасам да, кино желісі бойынша Қазақстанда бармын", - деді ол.

Сонымен қатар, өнер иесі қазіргі уақытта "Аманат" партиясының мүшесі екенін айтты. "Аманат" партиясындамын. Шақырту алдым. Спикермін. Менде "партия маған көмектеседі, партия маған атақ береді" деген ой жоқ. Ондайдан аулақпын.

Партия маған не үшін ұнайды? "Өңір-өңірді, қала-қаланы аралап, әйелдерге өзіңнің мотивациялық ойларыңды айт" дегенде бірден келістім. Сол үшін барамын", - деді Бадықова.