Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Құшағын жаймады": АҚШ мемхатшысы мен Түркия СІМ басшысының кездесуінде күтпеген жайт болды

AstanaTV
07.11.2023ж. 12:32
463
"Құшағын жаймады": АҚШ мемхатшысы мен Түркия СІМ басшысының кездесуінде күтпеген жайт болды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 6 қарашада Түркияға сапарлап келді. Түркия СІМ басшысымен кездесу барысында Блинкен БАҚ пен желі қолданушыларының назарын аударған ыңғайсыз жағдайға тап болды. Блинкеннің Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде түсірілген видеоны түрік БАҚ-тары жариялады.

Түркияның Sabah газеті Анкарада америкалық саясаткер "шоктан кейін шок сезінді" деп жазады – әуежайда оны тек ел астанасы губернаторының орынбасары қарсы алыпты, ал келіссөз басталар алдында СІМ басшысы құшақтау әрекетінен жалтарып кеткендей болғанын көруге болады.

"Блинкен қол алысқан Хакан Фиданды құшақтасуға тырысқан. Алайда ол Фиданның әрекетінен тағы бір шок алды, бұл Блинкеннің жүзінен бірден көрінді. Министр Фидан құшағына жауап бермеді", - делінген басылым материалында.

DW Түркияға барған Блинкен Таяу Шығыс елдеріне сапарын аяқтағанын хабарлады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Израиль мен ХАМАС соғысында бейбіт палестиналықтардың амандығы туралы аймақтық консенсус құру мақсатында ішінара ғана жетістікке қол жеткізген. Алайда басылым мәліметінше, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің солтүстік-шығыс өңірлеріне сапарын Блинкеннің келуіне байланысты үзбей, АҚШ өкілдерімен кездеспеуді ұйғарған. Блинкен мен Фиданның келіссөздері жабық өтті. Кездесу қорытындысы бойынша, Блинкин Вашингтон Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді кеңейту үшін өте батыл жұмыс істеп жатқанын және кейінгі күндері "жақсы прогреске" қол жеткізгенін мәлімдеген.

"Бұл шаруаның бәрі әлі атқарылып жатыр. Әрине, біз бәрінде келісімге қол жеткізе алмадық, бірақ біз қазір жұмыс істеп жатқан кейбір өзекті мәселелер бойынша көзқарастарымыз ортақ", - деді америкалық мемхатшы.