Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ҚР ІІМ автокөліктердің заңдастыру мерзімі таяп қалғанын ескертті

AstanaTV
07.11.2023ж. 16:17
526
ҚР ІІМ автокөліктердің заңдастыру мерзімі таяп қалғанын ескертті

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі жақын арада аяқталатынын ескертті.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі көлік иелеріне шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалғанын ескертті.

"Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады. Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.