Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Экобелсенділер саябақтар мен қасиетті жерлерді қоқыстан тазартты

07.11.2023ж. 20:00
725
Экобелсенділер саябақтар мен қасиетті жерлерді қоқыстан тазартты

«Вандализмге жол жоқ!». Осындай атаумен өтіп жатқан акцияға барлық өңір белсенді қатысуда. Мәселен, Маңғыстау облысындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен 60-қа тарта белсенді тарихи орындарға барып, бүлінген жәдігерлерді жөндеп, қоқыстарды шығарды. Табиғат жанашырлары қажетті құрал-жабдықтарды өздері сатып алған. Тіпті алдағы уақытта бұзақылардың қоршаған ортаға жасаған қатігездігі жайлы бейне-ролик түсірмекші. Осы арқылы жас буынның табиғатқа деген құрметін арттырмақ.

Абзал МАРАТ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жастарды идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу негізгі мақсаты. Және осы әлеуметтік желі арқылы, бұқаралық ақпарат арқылы өзіміздің отандастарымызға табиғатты аялау жөнінде, табиғат - біздің ортақ анамыз деген ұғымдағы өзіміздің сәлемдемемізді жолдап жатырмыз.

Ал Алматы облысындағы белсенділер «Тамғалы тас» шатқалына табан барды. Жүзден астам адам шатқалдың айналасы мен Іле өзенінің арналарын тазартты. Рухтастар табиғатты қорғап, оны аялауға шақырды. Тарихи орынның аумағында қоқыс көп бола қойған жоқ. Бірақ жол бойында демалушылардан қалған тамақ қалдықтары мен пластикалық бөтелкелер шашылып жатты. Акцияға қатысушылар қоқысты жинап, тазалау жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жастар тастағы ерекше суреттер мен ескерткіштердің мағынасымен танысты.

Қуат БАЙҒОДЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз 18 гектар шақырым жерді толық жастармен аралап шықтық. Біздің келушілеріміз биылғ ы жылы сегіз жарым мың халық болса, тазалығы бұрынғыдай емес. Қазір күнделікті жұмыстың, сол тарихқа деген құрметтің, мәдениетіміздің артып келе жатқанның көрінісін осы Тамғалы - Тастан көріп отырмыз.