Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Барлық құс фабрикалары көбіне жеке тұлғалар болып саналатын делдалдар арқылы жұмыс істейді», - Серік Жұманғарин

07.11.2023ж. 20:00
660
«Барлық құс фабрикалары көбіне жеке тұлғалар болып саналатын делдалдар арқылы жұмыс істейді», - Серік Жұманғарин

Жұмыртқа бағасы 1,3 пайызға қымбаттады. Үкімет мұны құс фабрикаларының делдалдар арқылы жұмыс істеуімен байланыстарады. Сондықтан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына тікелей сатып алуға мүмкіндік беріпті. Сенбі күні бұл әрекеттің алғашқы нәтижесін көре бастаймыз дейді вице-премьер.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең бастысы, барлық құс фабрикалары көбіне жеке тұлғалар болып саналатын делдалдар арқылы жұмыс істейді. Бұл түсінікті, өйткені олар жұмыртқа үшін бірден қолма-қол ақша төлейді. Сонан соң схема кетеді, оны қазір монополияға қарсы комитет қарап жатыр. Оны анықтау ұзақ. Қазір біз жұмыртқаны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тікелей сатып алатын тауарлар санатына қостық.