Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жетісу облысында әкім 12 жасар оқушыны көлікпен қағып өлтірді

07.11.2023ж. 20:00
802
Жетісу облысында әкім 12 жасар оқушыны көлікпен қағып өлтірді

Ауыл әкімі көлікпен оқушыны қағып кетті. 12 жастағы жеткіншек көз жұмды. Қырыққа таяған әйел соңғы бес жылдан бері Жетісу облысы Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Кербұлақ ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ол қамаққа алынбаған. Жұмысын істеп жатқан көрінеді. Жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, оған қатысты тиісті шара қолданылатын болады.

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, облыстық анықтау басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде. Жол апатының жағдайларын мұқият және объективті зерттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.