Келесі жылы Алматыда 4 қабатты дөңгелек шыны үй салынуы мүмкін. Жоба авторы, сәулетші Айбек Алмасов арнамызға берген сұхбатында әйнек шығаратын зауыты бар кәсіпкер хабарласып, үйдің іргетасын қалауға ниет білдіріпті. Бірақ экологиялық таза үйдің құрылысы қашан басталатынын инвестордың патша көңілі біледі. Жас архитектор Айбек Алмасов Тараздың тумасы. Алматыдағы сәулет-құрылыс академиясында оқып жүрген кезінде, осыдан 3 жыл бұрын шыны үйді өзіне арнап сызған. Қаланың лас ауасынан шаршаған ол, тау бөктерінде еш коммуникациясыз әйнек үй тұрғызып, табиғат аясында өмір сүргісі келген. Жобасын әлеуметтік желіде таныстырғасын қоғамның назары ауады – Айбек үйді көпшілік келіп қызықтайтын, бір сәт тынығып, кофе ішетін ғимарат етуді ойлайды. Әйнек үйдің іргесін қалау үшін биіктігі 25 метр қарағай қажет. Бұл 4 қабатты цилиндр тәріздес үйдің діңгегі. Ғимараттың металлдан құйылған төрт тіреуіші болады. Қабырға үш қабат шыныдан жасалып, төртінші қабатына күн батареялары орнатылады. Шынысы 30 пайыздай қараңғыланады. Күн энергиясын тарту үшін. Бірінші қабатында энергияны жарық, жылу, қуат беретін күшке айналдыратын техникалық бөлме болады.
Айбек Алмасов, сәулетші:
Еш коммуникация жүйесі жоқ аймақта орналастырсақ әрине, материалдар қымбатырақ болады. Ал, егер Медеу маңайына салатын болсақ, онда құны төмендейді. Инвестормен әзірге келісім жасап жатырмыз. Егер ол қаражат аудармайтын болса, онда басқа жол іздеймін. Сол үшін қазір компания құрдым. Оғаносы жобаныңжүзеге асуын қалайтын азаматтар қаражат сала алады. Екі айдың ішінде қажетті сома жиналыпта қалатын сияқты. Ең бастысы жоба жерде қалмайды.
Айбек, футуристік идеяларын іске асырудің мүмкіндігі жоқ екенін сезгесін, кезінде Қытайға, Гуанжоуға кетіп те қалған. Үш айдан соң қайта оралған. Қазір жеке тапсырыстар орындайды, жобалары өтімді сияқты, себебі «кетіп қалу» туралы әлі де ойлайды, тек тапсырыс көптігі ұстап тұрған тәрізді. Және біреуге қызмет еткісі келмейтін «ақылды тентек»...Айбектің жобасы жайлы материал жасаудағы мақсатымның бірі - дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділіктен құтылуды бастап кеткен дамыған мемлекеттерге қарап, олардан одан сайын қалып қоймаудың маңыздылығын айту еді.
Айбек Алмасов, сәулетші:
Біз енді бастап жатырмыз, олар 20-шы позицияда. Біз 10-шы позицияға жетсек, олар 40-шы позицяға кетіп қалады. Біз ылғи көштің соңында жүрмекпіз. Ал солай болмауы үшін мысалы, менің саламда қазақ архитекторлары керек. Жаңа нәрсені ойлап таба алатын...
«Азаттықтың» хабарауынша, Айбек
Алмасов жобалаған цилиндр пішіндес, ішінде өсіп тұрған ағашы бар төрт қабатты
шыны үй батыс басылымдарының назарына
іліккен.Американың Huffington Post сайты, Dezeen архитектура және дизайн журналының.