Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Израиль Газа секторындағы БҰҰ мектебін бомбалаған

AstanaTV
08.11.2023ж. 09:13
551
Израиль Газа секторындағы БҰҰ мектебін бомбалаған

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі БҰҰ мектебіне соққы жасады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру БҰҰ агенттігі мәлімдеді.

Шабуылдан зардап шеккендердің арасында палестиналық босқындар бар.

"БҰҰ агенттігінің палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру мектебі дүйсенбіде жарылды. Бір босқын өлді, тағы тоғызы жараланды", – делінген БАПОР есебінде.

Соғыс басталғалы Газа секторында БҰҰ-ның 89 қызметкері қаза тапты.

Бұған дейін Израиль Газа секторындағы Жабалия босқындар лагеріне соққы берді. Осы үшін АҚШ Тель-Авивтен түсініктеме талап етті, ал АҚШ демпартиясы Израильдің іс-әрекетіндегі адам құқықтарын тексеру және оны жазалау шараларын талқылады.