Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астанада полицейлер ер адамның қолын кісеннің орнына скотчпен ораған

AstanaTV
08.11.2023ж. 11:11
480
Астанада полицейлер ер адамның қолын кісеннің орнына скотчпен ораған

Әлеуметтік желіде полицейлердің тұтқынның қолын кісеннің орнына скотчпен орап жатқаны бейнеленген видео тарады. Астана полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Видеоны Qumash Telegram-арнасы бөлісті. Видео сипаттамасында бұл жағдай Астанадағы тұрғын үй кешенінде түсірілгені жазылған.

"Елордадағы бір тұрғын үй кешенінде полицейлер ер адамның қолын скотчпен ораған. Тұрғындардың айтуынша, ол подъезде есірткі таратушы немесе қойып кетуші болған сияқты", - делінген видео сипаттамасында.

Пост авторлары полицейлер ер адамды ұстаған кезде кісен қолданбағанына таң қалды. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"6 қарашада "102" арнасына тұрғын үйдің кіреберісінде есірткі қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жекелеген патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстап, одан есірткі тәркіленді. Алматы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі құралдарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процесуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция департаментінен. Сонымен қатар полицейлер тәртіп бұзғандардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлаған астаналықтарға алғысын білдірді.

Алайда қалалық полиция департаменті кісеннің орнына неге скотч қолданылғанын түсіндірмеген.