Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Блогер Мерей Әбілова қызойнағын өткізді

AstanaTV
08.11.2023ж. 12:07
703
Блогер Мерей Әбілова қызойнағын өткізді

Блогер Мерей Әбіловаға сүйіктісі көктем айында тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Ұзату тойы енді өтетін ару құрбыларының басын қосып, қызойнақ өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер сүйіктісі Димаш Қашкенмен сәуір айында мұсылманша неке қидырған. Revue News бағдарламасының мәліметіне сүйенсек, Әбілова қызойнағын күміс түстес ренкпен әрлеген. Бойжеткен қазір үйінде ұзатуға дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлім еткен.

"Тойға аз уақыт қалғанда жариялауды жөн көрдім. Елдің арасында сөз болмасын дедім. Некемізді қидырғанмен, бөлек тұрып жатырмыз. Солай келістік. Қыз ұзатылмай тұрып, күйеудің үйіне бармайды деп келістік", - деді Мерей Әбілова.

Ал блогердің әпкесі Аружан Әбілова сіңлісінің ұзату тойына отбасылық тосынсый дайындап жатқанын айтты. "Отбасылық тосынсый дайындап жатырмыз. Оны ұзату тойында көресіздер. Ондайды ешкім күтпейді деп ойлаймын. Мерей білмейді", - деді Аружан Әбілова.