Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Байырбекова жаңа әулетке келін болып түскен кезде мейірімділік пен қаталдықты қатар көргенін алға тартты. Өнер иесі ата-енесімен бірге көп тұрмаса да, олардан үйренгені көп болғанын айтты. Сондай-ақ, әртіс қартаймай тұрғанда келін түсіріп алу керек деп есептейді.
"Мен сол кезде өзімді ер жетіп қалдым деп ойладым. Бірақ, кейін ойлап қарасам, әлі бала екенмін. Ерте не кеш шығу керек деп нақты айта алмаймын. Әркімнің бағына байланысты. Біреу ерте шығып, бақытты болып кетіп жатады. Кейбірі кеш шығып, жақсы болып кетіп жатады. Сәтіне байланысты ғой. Жалпы келінді қартаймай тұрып алып, бауырына басқан жөн. Сол отбасыға сіңіп кету үшін. Өз ойы қалыптаспай тұрып, үйренуге бауыр басуға сол дұрыс. Өзім ата-енеммен көп тұрған жоқпын. Аз тұрсам да. көп нәрсе алып шықтым. Көп дүниені үйреніп шықтым. Өзім әкемнің ерке қызы едім. Менде ата-анамнан қорқу деген болған емес. Олардың мені ұрғаны, ұрысқаны тіпті есімде жоқ. Сол күйінше мен дәл сондай ата-енеге барсам, мен бүгінгі Жазира болсам едім. Келін болып түскенде мейірімділік пен қаталдықты көріп, содан ұштасқан Жазираның болмысы шықты деп ойлаймын", - деді әнші "Жақсы адамдарым" бағдарламасында.