$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Қазақстанда сиыр етінің бағасы түсе ме – экономика министрі жауап берді

AstanaTV
08.11.2023ж. 14:13
853
Қазақстанда сиыр етінің бағасы түсе ме – экономика министрі жауап берді

8 қарашада Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистердің ет бағасына қатысты сұрағына жауап берді. Ол сиыр етінің бағасы қандай жағдайда төмендеуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлібек Қуантыров ет бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Сиыр еті 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Базар мен супермаркеттегі баға да әртүрлі. Бірыңғай баға жоқ. Супермаркеттерде оралатын ет бар. Жәрмеңкеде немесе базарда сатылатын арзан ет бар. Жалпы баға төмендеуі мүмкін, мал басы көбейсе, ұсыныс көбейеді. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілу мәселесі бар екенін ескеруіміз керек", - деді Әлібек Қуантыров.

Күні кеше Ауыл шаруашылығы министрі сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2 485 теңге екенін айтты.

Статистика мамандарының мәліметінше, Қазақстанда бір жылда ет пен ет өнімдерінің бағасы 9 пайыздай өскен. Әсіресе сиыр еті қымбаттай түсті (+10,6%), жылқы етінің де қымбаттағанын байқауға болады (+7,3%).