Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарда «Әйелдер қанаты» ұйымы құрылды

08.11.2023ж. 20:00
644
Павлодарда «Әйелдер қанаты» ұйымы құрылды

Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанынан «Әйелдер қанаты» ұйымы құрылды. Бұл қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін айқындап, гендерлік саясатты дамытуға жол ашпақ. Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналыса ды.

Анар ЖІТІБАЕВА, МАЛАЙСАРЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ауылдың әйелдеріне жүк екі есе түсіп отыр. Себебі, ауыл әйелдерінің ерекшеліктері маңызды. Проблемалары да басқа. Ертеңгі күні бұл өте көп әйелдер мәселесін шешеді деген ойдамын. Себебі, әрбір әйел бойында да, ойында да өте көп шешілмеген мәселелер бар.

Павлодар облысында депутаттардың 54 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Олармен «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Жиын соңында әйелдер қанаты ұйымының төрайымы ретінде облыстық мәслихат депутаты Света Әбдіраманова тағайындалды.

Света ӘБДІРАМАНОВА, ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ:

Әлемде бүгін әйелдің қоғам өмірінде алатын орны артып келеді. Қай салада болмаса да әйелдер белсенді. Оны ешкім жоққа шығармас. Саясатта да әйелдің рөлі өте жоғары. Қай саласын алмасақта әйел әр жұмысын тиянақты жақсы атқарады.