Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

AstanaTV
09.11.2023ж. 15:02
911
Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Әнші Димаш Құдайберген  желтоқсанда Гонконгта жеке ән кешін өткізеді.

"Dears! 23 желтоқсан күні менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл – ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін сіздермен шығармашылық жолымның қызық сәттері басталды! 7 саны қазақ халқы үшін ерекше. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерт турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.