Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Білім - инновация" лицейлерінің құрылғанына 30 жыл

09.11.2023ж. 20:00
657
"Білім - инновация" лицейлерінің құрылғанына 30 жыл

"Білім - инновация" лицейлерінің құрылғанына 30 жыл. Жетістіктері аз емес. Олар пәндік олимпиада мен жоба жарыстарынан 28 мыңға жуық медаль жеңіп алды. Мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшынша оқытылады. Оларға білікті, тәжірибелі отандық және шетелдік 2 мыңға жуық ұстаз білім береді.

Дархан ӨТЕ, «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тәрбие ұлттық болу керек. Білім жаһандық болу керек. Біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз десек болады. Құндылықтарға негізделген білім берудің мақсаты да осы. Бізге оқушыларымызға өзімізідің ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру арқылы сол оқушыларымызды отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Яғни ол балалар халықаралық нарықта мықты маман болса да өз елің жақсы көретін, сүйетін қазақтың сондай мықты біртуар азаматтары болып қалыптасуына осы тәрбие жұмыстары жасалып жатыр.

"Білім - инновация" лицейлері еліміздің әр өңірінде ашылған. Білім үшін барлық сыныптар керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар музыкалық, спорттық, пәндік үйірмелер жұмыс жасайды. Ұстаздар тек балалармен ғана емес ата-аналармен де түрлі жарыстар өткізеді. Білім ордасының алдағы қойған басты мақсаттарының бірі ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту.

Руслан СИХИМБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДАРЫНДЫ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН "БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

"Білім - инновация" лицейлеріндегі мұғалімдер сапалы құрам. Мұғалімдер жалпы ратадциялық конкурспен бізге іріктеледі. Және де өңірлердегі "Білім - инновация" лицейлерімен бізде мұғалімдер өзара радатциямен ауысып тәжірибе алмасып жұмыс жасау сондай үрдіс қалыптасқан. Дәл қазір мектебімізде гинес рекордтар кітабына енген әлем мұғалімінің атағының иегері Момергул мұғаліміз бізде жұмыс жасайды. Одан да бөлек біздің көптеген мамандарымыз өз ісінің ең қас шеберлері, жоғары білікті мамандар.