Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жезқазғанда 5 G желісі іске қосылады

09.11.2023ж. 20:00
656
Жезқазғанда 5 G желісі іске қосылады

Жезқазған қаласында 5 G желісі іске қосылады. Бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақтелеком» арасында өңірде байланыс пен интернетті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірдегі байланыс пен интернетке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік бермек.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен өткен кездесуде өңірде интернеттің әлсіздігі ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Тас жолдардың бойында мүлде байланыс жоқ. Әсіресе Қызылорда мен Арқалыққа барар жолдағы шалғай ауылдардың тұрғындары байланыстың жоқтығынан қиындық көріп отыр. Қолайсыз ауа райында далада адам жоғалу, із- түзсіз кеткендерді табу қиынға соғады,- дейді аймақ басшысы. Ғаламтор желісінің нашарлығынан мектепді цифрландыру да оңай болмай тұр. Бүгін қол қойылған байланыс пен интернетті дамыту бойынша екіжақты меморандум осы проблемаларды шешуге септігін тигізбек.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ең алдымен Қызылорда мен Арқалық жаққа мән беру керек. Қызылордада жол жөнделе бастайды, ал Арқалық жақта үнемі боран соғып, көліктер жолда тұрып қалады, еш байланыс жоқ. Сондықтан техника жіберіп адамдарды іздеп жүреміз. Бір адам кетеді, із- түзсіз жоқ, төтенше жағдай қызметінің техникасын жіберуге тура келеді. сондықтан ең алдымен байланыс орнату қажет.

«Қазақтелеком» АҚ 5 G технологиясын іске қосып, 2025 жылға қарай Жезқазған қаласының желілерін сапалы талшықты- оптикалық байланысқа көшірмек. Мектептерде интернет жылдамдығын арттыру үшін арнайы сараптамалық топ құрылып қажетті іс- шаралар жоспарын бекітетін болып келісті.

Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

«Жаңа оптика-волокно деген сондай қызметті біз салып жатырмыз. Жаңа технология, GPON сияқты, 5 мың абонент GPON – мен қосылған. GPON оптика үйге кіргізілген. Жаңа үйлер салынып жатыр, жылдың аяғында 14 үй жаңа желіге қосылады».

Қазіргі таңда Ұлытау облысында 30 ауылда не ұялы байланыс, не ғаламтор жоқ. Меморандум аясында 5 G бекеттерін 20- ға дейін ұлғайту жоспары бар. Сондай- ақ Арқалық және Қызылорда бағыттарында 1 жылда 12 мачт, байланыс антенна – діңгектері орнатылады.