Батыс Қазақстан облысындағы Серебряково ауылының мұғалімдері мемлекетке 57 миллион теңге қарыз болып шықты. Оқытушылар мұнша мол ақшаны өңі түгілі, түсімізде көрмедік дейді. Ал білім саласына жауапты шенеуніктер бұл ұжымға айлығының асыра төленгенін айтады. Қазір бұл іспен экономикалық тергеу басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысында мұғалімдер ғана емес, 72 адамнан тұратын мектеп ұжымының түгел берешек екені анықталды. Олардың ішінде күзетші, еден жуушы секілді кіші қызметкерлер де бар.
Ғалия ЖАҢАБАЕВА, КРУГЛООЗЕРНОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Жайсыз хабарлама болды әрине. Себебі біз бір зарплатаны ай сайын аламыз ғой. Артық ақша түскенін байқаған жоқпыз. Қынжылтатыны бізді - бухгалтерге барып сұрағанда ол бізге қолмен жазып беретін бізге. Қолмен жазып бергесін біз сол сумманы аламыз да жүре береміз. Қағазға жазып берді бізге осындай сумма аласыз деп. Расчетный листті қазір біздер электронный вариантын алып жүрміз ғой. Бұрынғы кезде осылай болды. Мүмкін сол жерден қате кетті ме, нақты білмейміз қайдан кеткенін.
Білім саласы шенеуніктерінің айтуынша, артық ақша былтырғы оқу жылында төленіпті. Тіпті мектеп қызметкерлерінің атына басқа банктерден есеп шот ашылғаны анықталған. Қазір даулы мектептің есепшісі де, мектеп директоры да ауысқан. Ал қазіргі басшысы іс әділ жүргізілуі үшін тәуелсіз аудитке жүгінгенін айтады. Ал мұғалімдер соттасамыз деп отыр. Әйтпесе "алмаған айлығын" төлеуге тура келмек.
Клара МЕҢДІҒАЛИЕВА, БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бухгалтер аударған. Бірақ сол сағаттар әлі неотработанные часы же. Бұл жерде енді директор тексермеген деп ойлаймыз. Бұл бұзушылықтарды жасаған бухгалтер бойынша уголовное дело ашылды. Қазір оның нәтижесін, сот шешімін күтеміз. Нақты сомасы белгіленгеннен кейін тағы бір жиналыс өткізіп, уведомление қолдарына береміз деп солай шешілді.