$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оқу мектебінде тәжірибе жинамай-ақ, куәлік алуға қуанбайтынымыздың себебі

AstanaTV
02.04.2016ж. 20:00
2487
Оқу мектебінде тәжірибе жинамай-ақ, куәлік алуға қуанбайтынымыздың себебі

Жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы оқу курсынан өту міндетінің жойылатынына орай.

Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға өзгеріс енгізіп,  «Б» категориялы, яғни әуесқой жүргізуші атанғысы келгендер үшін  көлік мектебінде оқу талабын алып тастады. Азаматтар өз бетімен дайындалып, өз бетінше куәлік алмақ.  

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Бұрын азаматтардың барлығы міндетті түрде автомектептердің оқуынан өтетін. Қазір әдебиет өте көп, оның ішінде интернет беттерінде түрлі емтихан бағдарламалары бар. Осының арқасында азамат теориялық білімді өзі алып, тәжірибені арнайы маманнан үйреніп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып өз бетінше емтихан тапсыра алады.

Осылайша азаматтар уақыт, ақша үнемдейді-мыс. Алайда жүргізуші тәрбиелеумен отыз жылдан астам айналысатын Жылқыбай Елеусізұлының пікірі: бұл өзгеріс онсыз да онша емес қауіпсіздік проблемасын одан әрі қоздырады.

Жылқыбай Балтабаев, көлік мектебінің директоры:

Ол ертең көшеге шығады. Оның арты неге әкеліп соғады? Жол қауіпсіздігін ойлау керек. Меніңше, мектепте дайындалған жүргізуші мен үйде дайындалғанның ерекшелігі өте жоғары болады.

Маман көлік жүргізушіні екі жылдап оқытатын кеңестік кезеңде де осы салада қызмет еткен. «Қазір екі жарым айға дейін қысқарған бағдарламаны өз бетімен оқып- үйрену мүмкін емес»,- дейді.

Жылқыбай Балтабаев, көлік мектебінің директоры:

Программа бойынша 228 сағаттың ішінде 16 сағат медицинадан дайындығы бар, 90 сағаты жол ережесі бар, 90 сағат жол қауіпсіздігі бар, көлік құрылысынан 24 сағаты бар.Осының барлығы мектепте алынады. Содан кейін барып, алған білімдерін мектепте тәжірибе жағынан, «мастер производственного обучения» дейміз, олар практика жағынан оқушыларды бөлек дайындайды. 


Негізгі табысын осы «Б» категориялы жүргізушілерді оқытудан  көріп отырған мектептер күрт қысқарады. Тек Астанада жүргізуші дайындайтын 44 арнайы орталық бар. Онда әрбір екі жарым ай сайын орта есеппен 150 жүргізуші оқып шығады. Одан мектеп ай сайын 4,5 миллионнан 7,5 миллион теңгеге дейін табыс көреді. Иә, табыс жаман емес. Алайда жұмыссыздардың қатары көбейеді, несі жақсы. 

Ардақ Күбетаев, Астана қаласының көлік мектептері қауымдастығының төрағасы:

Айына әр автомектеп жоқ дегенде 5-6 топ жинайды. Алты группада 25-30 адамнан. Ал қалған Д,С категориялары қатты сұранысқа жатпайды. Сондықтан Б категорияны алып тастағаннан бәлен адам жұмыссыз қалады.

Ал ел арасында белгілі «ОСА» автоәуесқойлар қозғалысының жетекшісі, бұл жолдағы жағдайды одан бетер ушықтыратынын шегеледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда әрбір 100 мың адамның 22-сі жол апатының кесірінен ажал құшады.

Руслан Лазута, «Оса» қоғамдықбірлестігініңтөрағасы:

Үйде отырып жол жүру ережесін жаттау ақылға қонымсыз бастама. Адамға тәжірибе керек.Қалада, тасжолдарда, күндіз, түнде, түрлі ауа райы жағдайында жүріп үйрену керек. Бұның арты жүргізушілердің онсыз да төмен мәдениеті мен білігінің мүлдем төмендеуіне алып келеді. Өліммен бітетін жол-көлік оқиғалары көбейеді. Қазірдің өзінде бұл проблеманы шеше алмай отыр.

Көлік басқаруды шеберден үйренуді болашақ жүргізушілердің өздері де қолдайды.

Посмотрите,у нас здесь даже места для парковки нет.
А профессионалы нас обучают. То есть сама я бы так и не научилась ездить.

Машина айдағасы келетіндердің өздері «өзім үйрене алмас едім» деп тұрса да, оқу курсы міндеттелмейтін заңға қарап, көлік жүргізуге ниетті азаматтың жауапкершілігі жоғары, санасы биік болсын дейсің. Бірақ. Неге «бірақ» екенін тарқату артық...