$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жаңа жылдан бастап Үкімет ауыл шаруашылық кешенін дамытатын жаңа бағдарламамен жұмыс жасай бастайды

AstanaTV
29.11.2016ж. 20:00
2319
Жаңа жылдан бастап Үкімет ауыл шаруашылық кешенін дамытатын жаңа бағдарламамен жұмыс жасай бастайды

Жаңа жылдан бастап Үкімет ауыл шаруашылық кешенін дамытатын жаңа бағдарламамен жұмыс жасай бастайды. Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Бағдарлама 2017-2021 жылдарға арналған. Оның аясында субсидиялау мен несиелеу механизмдері жетілдіріледі. Яғни субсидия алушылар саны 7 есе көбейеді. 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиынын 30 пайызға немесе 1 трлн теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Ал Бақытжан Сағынтаев қазіргі субсидия беру механизмдерінің жұмыс жасамайтынын айтты. Сөйтіп ауылдағы шараулардың мемлекеттік қолдауға жыл соңына дейін қол жеткізе алмай отырғанын еске салды. Оған жергілікті билік кінәлі көрінеді. Үкімет басшысы осы мәселеге назар аударуды тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Барлық қойылған сұрақтар ескерілетін болады. Қызығушылық танытып отырған тараптармен келісуге жыл соңына дейін уақыт бар. Сосын мәре сызығына шығып, жыл басын жаңа бағдарламамен бастаймыз. Бұл сұрақ әкім орынбасарларымен аймақтарда, министрліктің алқа мәжілісінде де, барлық алаңдарда талқыланды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ