$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда дактилоскопия ерікті түрде жүргізіледі

AstanaTV
10.11.2023ж. 15:35
1989
Қазақстанда дактилоскопия ерікті түрде жүргізіледі

2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Әділет министрлігінде өткен отырыс кулуарында Қазақстанда дактилоскопия ерікті түрде жүргізілетінін айтты.

Құжаттандыру кезінде жалпыдан бірдей саусақ ізін алу ережесі қоғамда да, депутаттар арасында да резонанс тудырды. Қоғам мұны ерікті түрде жүргізуді ұсынды. Ішкі істер министрлігі бұл ұсынысты қарастырды.

"Иә, қазір осындай шешім қабылданды. Заң жобасына түзетулер енгізіліп жатыр. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар саусақ ізін ерікті түрде тапсыруы мәселесі пысықталуда. Шетелдіктер үшін шекарада міндетті түрде жүргізіледі, ал іште құжаттандыру кезінде әркімнің өз еркі біледі",-деді Сәкен Сәрсенов