Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады

10.11.2023ж. 20:00
557
Дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады

Елімізде дәрі бағасы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады. Бүгінде Қазақстанда құрамына алкоголь қосылған 130 жуық мединалық тауар өндіріледі. Мамандар жаңа салық саясаты тапшылық мәселесін туындата ма деп те деп алаңдатып отыр.

Күн суытса дәріханаларда сауда қызады. Бағаның шарықтайтыны да осы кез. Мамандар келесі жылы йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Оған -этил спиртіне салынатын акциз салығы себеп. Ал, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті салыққа қатысты мәселенің барын мойындайды.

Қанатбек БЕРІКОВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ САРАПШЫСЫ:
Ол әлі нақты ешқандай шешім шығарылған жоқ. Ол қазір талқылауда. Бізге, медициналық және фармацевтикалық комитетінің мекен-жайына нақты бір осындай дәрінің тапшылығы пайда болды деген секілді шағым, өтініш келіп түскен жоқ. Келіп түскен жағдайларда тексеріс жүргізіледі.
Дегенмен, қалада әзірге дәрі тапшылығы байқалмайды. Тұрғындар сұранысын толық қанағаттандырып отырмыз дейді.

Арайна ТИМУР, ФАРМАЦЕВТ:
Қазір тұмаудың дәрілері жақсы өтіп жатыр. Тұмаудың несі болғаннан кейін қазір күн суығаннан кейін тұмудың вирусный дәрілері. Солар жақсы өтіп жатыр. Дәрінің барлығы бар бізде. Барлық дәрілер тұтынушылардың көңілінен шығады. Бағалары бір қалыпты.
Ал тұрғындар препараттар құнының қымбаттығына қынжылады. Отбасылық бюджеттен дәріге жұмсалар шығын көп дейді көбісі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мәселен, тамақ ауырғанда себетін дәрі алам, антибиотик те аламын. Әрине, бағасы өскен, 500-600 теңгеге қымбаттаған.
- Балалардың жөтелін қойдыртатын дәрілер, температурасын қойдыртатын дәрілер, вирустардың алдын алатын дәрілер қымбат.
- Әрине, сәл де болса, арзан болғанын қалаймыз. Өйткені өзіміз бен бірге балаларымызға дәрі алатын болсақ өте қымбатқа түседі. Кейде қолымыз жетпей де қалады.
Мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 2025 жылға қарай 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Этиль спиртіне салынатын акциздік салық бұл міндеттің орындалуына кедергі келтіреді деп алаңдайды мамандар.