$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Сенбі күні ауа райы қандай болмақ?

AstanaTV
10.11.2023ж. 17:54
Сенбі күні ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктер Қазақстандағы 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар тұман мен көктайғақ та болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +7+9°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13м/с, күндіз - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.